425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы: Қырғызстанда онлайн-конференция өтті

  • 341
  • UPD: 18:27, 25.06.2020

Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшілігі мен Қырғызстанның Ұлттық кітапханасы әл-Фарабидің 1 мың 150 жылдығына арналған «Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты онлайн-конференция ұйымдастырды.

Шараға ғалымдар, тарихшылар және екі елдің жетекші университеттерінің оқытушылары қатысты.

Әл-Фарабидің философиясы әмбебап. Ол пәлсапаның негізін қалаушы. Сондықтан ұлы ойшылдың шығармаларын зерттейтін әр ұрпақ өздеріне жақын және түсінікті пайымдарды таба алады. Ғылымдардың айтуынша, ағартушының әлемді тануға деген құштарлығы адам болмысын ашатын ғылыми трактаттар мен туындыларды жазуына сеп болған.

Назира Курбанова, тарих ғылымдарының докторы:

- Әл-Фараби адами бойындағы құндылықтарды жоғары бағалайды. Адамгершілік пен бақытқа қатысты керемет ойлар айтқан. Қайырымдылық дегеніміз не және мінсіз адам қандай болады? Осыған қатысты да туындылары бар. Мың жыл бұрын жазылғанына қарамастан, адами құндылықтар өзгеріссіз қалады.

Астрономия, математика, филология, жаратылыстану, музыка және әдебиет. Әл-Фарабиді барлық сала қызықтырған. Ұлы ғұлама ғылымдарды жіктеуді арифметикадан бастап, метафизикамен, яғни пәлсапамен аяқтаған. Оның ең танымал шығармаларының бірі «Қайырымды қала тұрғындары». Трактатта қайырымды қалада әділдік, парасаттылық, мейірімділік үстемдік етеді делінген. 

Назира Усупова, Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры:

- Әл-Фарабидің идеяларын жалпы білім беру үрдісіне тек университеттер ғана емес, мектептер, тіпті мектепке дейінгі балалар орталықтарына да енгізетін уақыт жетті. Әл-Фарабидің ойлары, қазіргі уақытта өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Интернет-конференцияға Қазақстан тарапынан Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессорлары қатысты. Ал Қырғызстан тарапынан Арабаев атындағы Араб мемлекеттік университетінің ғалымдары әл-Фараби философиясы туралы ойларымен бөлісті.

Қырғыз Республикасының ұлттық кітапханасында экспресс көрме ұйымдастырып, онда әйгілі философтың туындылары қойылды. Шара ғұламаның 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы