417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық ақын Абайдың өлеңіне ән жазды

  • 238
  • UPD: 12:13, 28.06.2020
Павлодарлық ақын Абайдың өлеңіне ән жазды

Ұлы Абай  шығармаcы тағы бір әнге арқау болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданында тұратын  журналист, ақын, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбай  Абай Құнанбаевтың «Ғашықтық тілі – тілсіз тілсіз тіл» өлеңіне ән жазды.

Жаңа туындының тұсау кесері Бұқар Жырау атындағы облыстық музейде өтті. «Екі жастың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ғашықтық сезімі сипатталған ғажайып әннің бағасын тыңдарман қауым  алдағы уақыттарда бере жатар» - дейді шараны ұымдастырушылар. Оны облысқа танымал жас әнші Бауырбек Бектеміров орындады.

Бауырбек Бектеміров, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының артисі:

- Бүгін міне менің ән қоржыныма Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған «Ғашықтық тілі – тілсіз тілсіз тіл» әні еніп отыр. Бүгін міне тұсауы кесіліп жатыр. Осы әннің ойы, мағынасы өте тереңде. Бұл әнге ән жазған өзіміздің жерлесіміз, Павлодар облысына танымал қазіргі таңда 89 жасқа келіп отырған Зекебай Солтанбайұлы.

Айта кету керек, пандемияға байланысты  наурыз айынан бастап бүкіл мәдениет саласы толық онлайн - режимге көшті. Соған қарамастан әлеуметтік желілер арқылы 50-ге тарта мәдени шара өтті. Қаланың іргесінде тұрған Павлодар ауылында ұлы ақынның есімімен аталатын көше жөнделіп, 175 ағаш отырғызылған. Ал тамыз айында Абай Құнанаевтың ескерткіші бой көтереді. Облыстық Бұқар Жырау музейі дара тұлғаның тағылымды сөздерін насихаттайтын акцияға бастама болды.

Самал Бегалинова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Әр сала, әр қала тұрғыны белсене қатысып, Абай жылын атап өтуде. Мысалы, мемлекеттік органдарға келетін болсақ, мемлекеттік мекемелерден басқа біздің трамвай басқармасы трамвай безендіріп, қала көшелерінде арнайы билбордтар орнатылды. Көшелер абаттандырылып жатыр. Ағаштар отырғызылып жатыр осы мерейтойға орай әндер шығарылып жатыр. Ең үлкен шараның бірі ол Абай Құнанбай ұлының  тұлғасына  Павлодар қаласында ескерткіш орнату.

Хабар 24 телеарнасы