417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген «Үздік шетел артисі» номинациясын жеңіп алды

  • 170
  • UPD: 17:18, 29.06.2020
Димаш Құдайберген «Үздік шетел артисі» номинациясын жеңіп алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде үздік шетел артисі деп танылды.

7 және 28 маусым аралығында Қытайдың танымал Sina платформасында «Leading 2020 Sina Entertainment festival» дауыс беру рәсімі өтті. 21 күндік дауыс берудің қорытындысы бойынша Димаш Құдайберген 1.404.488 дауыс жинап, «Ең үздік танымал шетел артисі» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлады dimashnews.com.

Sina (қытай тілінде: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – қытайлық интернет-компания. Компанияның 4 негізгі қызмет бағыты бар: олар Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina бағытының әлем бойынша 100 миллионнан астам тіркелген қолданушысы бар.

Sina компаниясы мен оның платформаларының Қытайдың медиа кеңістігі мен көңіл көтеру саласында ықпалы орасан зор. Sina Weibo – Twitter-ге ұқсас, Қытайдағы микроблогинг нарығының 56,5% қамтып отырған әлеуметтік микроблог-желі. Сонымен қатар бұл сүйікті айдолдарына қолдау білдіру үшін жиналатын фанаттардың ең ірі әрі маңызды платформасы. Сонымен бірге, танымал адамдар Weibo желісінде жеке аккаунттар тіркеп, шығармашылығымен бөлісіп, фанаттарымен байланыс орнатады.

«Leading 2020 Sina Entertainment festival» шарасының басты мақсаты – 2020 жылдың бірінші жартысында үздік деп танылған фильмдер, телебағдарламалар, музыкалық шығармалар және варьетелерді көпшілікпен бөлісу. Осылайша, артистермен және олардың жұмыстарымен көп адам танысып, ойын-сауық индустриясының дамуына оң әсерін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы