418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Junior Evrovision 2020 байқауына қатысады

  • 158
  • UPD: 21:11, 29.06.2020
Қазақстан Junior Evrovision 2020 байқауына қатысады

 

Қазақстан қатарынан үшінші жыл «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауына қатысады.

Конкурс биыл 29 қараша күні өтеді деп жоспарланып отыр. Еуропалық хабар тарату одағы, құпия дауыс беру арқылы осылай шешіпті.

«Хабар» Агенттігі аталған одаққа мүше. Осыған байланысты еліміздің кезекті рет қатысу мүмкіндігі туып отыр. 2018 жылғы байқауға жерлесіміз Данелия Тулешова қатысып, үздік алтылыққа енді. Одан кейін Ержан Максим жүлделі екінші орыннан көрінді. Бұл жолы пандемияға байланысты байқау ережесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мәселен, сахна көлемі кішірейтіліп, шара көрерменсіз өткізілуі ықтимал. «Хабар» Агенттігінің халықаралық қатынастар және дистрибуция департаментінің директоры Динара Абақаева осылай деді.

Хабар 24 телеарнасы