412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы әдебиет және өнер музейінің алдына домбыраның эскизі орнатылды

  • 110
Павлодардағы әдебиет және өнер музейінің алдына домбыраның эскизі орнатылды

Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінің қорында 20-дан аса домбыра сақталған.

Осынау құнды жәдігерлердің ішінен әнші, домбырашы Байғабыл Жылқыбаев пен қазақ кино өнерінің майталманы Кәукен Кенжетаевтың домбырасын көруге болады. Ұлттық домбыра күні қарсаңында музейдің алдына домбыраның эскизі орнатылды. Онда күні бойы күй ойнап тұрады. Онлайн өткен мерекелік шарада өнерсүйер қауым Майра Шамсутдинованың бұрын еш жерде орындалмаған жаңа әнін тыңдады.

Амангелді Егінбай, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері:

- Біздің жалпы музейіміздің ұйымдастырған онлайн шараларымыз бар. Бұл шараның ішінде «Ертіс-Баян» өңірінің композиторлары атты жобамызды, сонымен қатар онлайн-көрмемізді осы музейіміздің алдында тұрған домбыраның эскизін қала тұрғындары мен көрермендерімізге ұсынатын боламыз. Онлайн көрмемізде әндер айтылып, күйлер тартылатын болады. Мұның бәрі халықтың, әлемді жайлап жатқан пандемия уақытындағы рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылып жатқан онлайн-шара деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы