423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Abai TV» телеарнасы ресми түрде таныстырылды

  • 391
  • UPD: 18:57, 30.06.2020
«Abai TV» телеарнасы ресми түрде таныстырылды

Бүгін «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Жаңа арна Мемлекет басшысының тапсырмасымен хәкім Абайдың 175 жылдығына орай іске қосылды. Эфирде ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениет, түрлі ұлттардың әдеби және тарихи мұрасын насихаттайтын танымдық бағдарламалар көрсетіледі. Мәселен, «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз», «Үркер», «Жыр майданы», «Музыка Великой степи» сынды жобалар көрерменге жол тартпақ. Сондай-ақ спектакльдер мен балет қойылымдарына арналған «Премьеры» бағдарламасын тамашалауға болады. Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат бойы хабар таратады. Ол эфирге «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы шығады. Ал телеарнаның онлайн нұсқасын аbaitv.kz ресми сайтында көруге мүмкіндік бар.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Мәдениет телеарнасы болғандықтан, мына өркениетте жүрген, мәдениетте жүрген қоғам азаматтарын, жалпы музыканттарды әдебиетшілерді, әдебиеттанушыларды, сурет өнерінде жүрген азаматтарды, бүкіл өнерде жүрген азаматтарды осы «Abai TV» телеарнасына қатысып, өздерінің өнімдерін, өнерлерін «Abai TV» арнасында көрсетіп, бүкіл халқымызға паш етсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы