425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық домбыра күні Швейцарияда ұлықталды

  • 304
  • UPD: 14:00, 05.07.2020

Қазақстан елшілігі «Birlik» бірлестігі және «ҚазАльянс» студенттік қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырған домбыра думаны Лю-церн қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны мерекелеуге домбырашылар арнайы барып өнер көрсетті. Сонымен қатар, аталған жиынға жергілікті бизнесмендер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері де қатысты.

Жанат Эрнст, тілші:

– Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра дейді біздің халықта. Әсем Меггенхорн мекенінде қасиетті Домбыра күнін атап өту іс-шарасы қамалды көруге келген көптеген адамның назарын аударды. Қазақстандық студенттер мен қазақ диаспора өкілдері Балбырауын, Секіртпе, Әлқиса, Ақсақ киік, Жекпе-жек, Көңіл толқыны, Ерке сылқым, Адай күйлерін орындап, жиналған жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Домбыра күнін мерекелеуге келген қонақтар алдында Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев сөз сөйледі. «Мәдениет – халықтарды бір-бірімен байланыстыратын алтын көпір», – деді елші.

Әлібек Бақаев, Қазақстанның Швейцария конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Домбыра қазақтың көшпенділердің киелі музыкалық аспап, сондықтан бұл аспапты әлемге танымал ету үшін, бұл аспапты білу үшін осындай іс-шараларды өткізіп жатырмыз.

Руслан Тоқболат, Қазақстан-Швейцариялық «Бірлік» қауымдастығың бастығы:

– Бұл іс-шараның мағынасы осы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оның ішінде қазақ аспаптарының бірі, домбыра. Сол домбыраның айналысында қазақтарды біріктіруге болады екен. Соның бір дәлелі  бүгінгі міне,  іс шара. Қазақтар қайда болмасын, Швейцарияда болсын, Еуропада болсын осы домбыра дегенде жинала қалады, өйткені домбыраны есту бір ғанибет.

Домбыра ұстаған Еуропаның өнерпаздары Люцернге жан-жақтан жиналды. 

Фараби Теменов, италиялық домбырашы:

– Бұл Қазақстан үшін қазақ еліне, жеріне өте маңызды іс-шара деп білемін, себебі бұл жерде біз  қазақ халқының ең әдемі күйлерін шырқап, Абай атамыздың өлендерің айтып жатырмыз. Еуропадан барлық қандасымыз жиналып жатыр. Мен өз басым Италиядан, Римнан келіп тұрмын.

Динара Алпысбаева, австриялық домбырашы:

– Бұл аспапты әрдайым өзіммен бірге алып жүремін. Өзім негізі Германияда магистратураны оқып тәмамдағанмын. Бірақ қазір уақытша Австрияда жүрмін. Қазақ өнері мен мәдениетін көрсету үшін міне, Венадан осында келіп тұрған жайым бар.

Өз кезегінде, іс-шараны ұйымдастырушылар осы бір мәдени һәм рухани мереке жақсы дәстүрге айналып, жергілікті жұрттың жадында ұзаққа сақталса дейді.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы