418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі итальяндық композитор Эннио Морриконе көз жұмды

  • 145
  • UPD: 14:53, 06.07.2020
Белгілі итальяндық композитор Эннио Морриконе көз жұмды RT

Белгілі итальяндық композитор Эннио Морриконе 91 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы ANSA агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, композитор Римдегі ауруханада көз жұмды. Ол бұдан бұрын құлағаннан кейін ауруханаға түскен болатын.

Соңғы жылдары Морриконенің арқасы ауырып, емделіп жүрген болатын.

Морриконе 500-ден астам фильм мен сериал музыкаларының авторы.

Композитор көптеген марапаттарға және Оскар марапатының алты номинациясына ие болды.

Хабар 24 телеарнасы