427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Туған жер» шығармашылық фестиваліне қатысуға өтініштер қабылдау басталды

  • 331
  • UPD: 16:03, 07.07.2020
«Туған жер» шығармашылық фестиваліне қатысуға өтініштер қабылдау басталды

Ұлттық дельфий комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҰ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестиваліне қатысуға өтініштер қабылдауды ашық деп жариялайды.

14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлардың жұмыстары 2020 жылдың 5 тамызына дейін онлайн түрде қабылданады.

Фестивальді өткізудің мақсаты – кіші отан, өзінің өлкесі, мемлекетін насихаттауға жас шығармашыл жастардың түрлі бағыттарындағы жас, дарынды авторларды анықтау.

Жобаға қатысуға қазақстандық авторлар, сондай-ақ патриоттық тақырыпқа авторлық туындыларды орындайтын шығармашылық ұжымдар шақырылады. Қатысуға бейнетаныстырылыммен бірге өтініштер фестивальдің жұмысты ұйымдастыру комитеті «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, аспапта ойнау, хореография) және «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) аталымдары бойынша қабылдайды.

Бірінші айналымның жұмыстары желі қолданушылары өздеріне ұнаған қатысуға дауыс бере алатын жобаның әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Осылайша халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист анықталады.

Байқаудың ақтық сынында қазылар алқасының мүшелері 1,2,3 орын лауреаттарын анықтайды, жеңімпаздарға еліміздің ұлттық дельфий құрамасы қатарында сынға түсуге мүмкіндік береді.

- «Туған жер» конкурсының ақтық сынын өткізу 2020 жылдың тамыз айына жоспарланған. Фестивальдің негізгі бағдарламасынан басқа менторлық және авторлық құқықты қорғау арқылы орындаушылық шеберлікті арттыру бойынша білім беру воркшоптарын өткіземіз. Іс-шараның пішіні еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Толығырақ өзіміздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды хабарлаймыз», – деп атап өтті Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түспекова.

Конкурсқа қатысу шарттарымен фестивальді ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерінен таныс бола аласыздар.

ttps://www.facebook.com/DelphiKazakhstan/, @delphikz_@tuganzher2020

Қатысуға өтініш - https://cloud.mail.ru/public/VL94/hHWcD4BjB Конкурстың ережелері -https://cloud.mail.ru/public/HEqc/8W93h7yD

Хабар 24 телеарнасы