420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 77 жас суретші Абайдың туындыларын қылқаламмен бейнеледі

  • 188
  • UPD: 18:31, 08.07.2020
ШҚО-да 77 жас суретші Абайдың туындыларын қылқаламмен бейнеледі

Шығыс Қазақстан өнер музейінде ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы – балалар көзімен» атты онлайн көрме ашылды.

Көрмеге 77 суретшінің 88 туындысы қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Біз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай балалар бейнелеу өнері байқауын ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы көркем туындылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады. Байқаудың қорытынды көрмесі балалардың шығармашылығына тән жанрлардың әрүрлілігімен және бейнелерді берудегі батылдықтарымен ерекшеленеді. Туындылардан жас суретшілер санасындағы ақынның барлық болмысын көруге болады. Ақын образы шебер сомдалған. Балаларды Абайдың пейзаждық және махаббат лирикасы, И.А.Крылов мысалдарының аудармалары қызықтырады», - дейді Өнер музейінің қызметкері Сыйлық Кашей.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Глубокое, Жарма, Ұлан аудандарынан, сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларынан барлығы 77 жас суретші қатысты.

Айта кеткен жөн, байқаудың өтуіне «Қазмырыш» пен «Ореол Ltd» қоғамдық серіктестіктері демеушілік көрсетіпті. Байқау қорытындысы бойынша 20 қатысушы жүлделі марапатқа ие болса, 12 қатысушы қазылар алқасының ынталандыру сыйлығына ие болыпты.

Хабар 24 телеарнасы