420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеудегі қазақ диаспорасы «Абай оқуларын» өткізді

  • 250
  • UPD: 21:37, 19.07.2020
Мәскеудегі қазақ диаспорасы «Абай оқуларын» өткізді

Алып шаһардың қақ ортасында ұлы ақынның еркерткіші орнатылған. Шара сол маңда ұйымдастырылды.

Қатысушылар Абай өлеңдері мен Қара сөздер жинағынан үзінділер оқыды. Жыл сайын «Абай оқуларын» өткізу қалада дәстүрге айналған. Бірақ пандемияға байланысты биылғы жоспар біраз өзгерді. Дегенмен, қазақ ұлттық-мәдени автономиясы және Мәскеудің ұлттар үйі жақын арада Абай оқуларының екінші кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.

Амантай Рахметов, Мәскеу тұрғыны:

- Абайдың сөздері расында алтын ғой. Жүз жыл болсын, мың жыл болсын, бұл кісінің сөздері қалады. Сондықтан жастар соны ұғу керек.

Гүлмай Хамеденова, Мәскеу тұрғыны:

- Мәңгі өлмес Абайдың қара сөздері, дана сөздері өмірге үлгі болатын, болашағымызға үлкен сабақ болатын шара деп ойлаймын. Өзіміз оқып, біздің жастарымызға бұл өнеге деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы