420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бексұлтан Кенішқалиев «Славян базарында» жүлделі орын алды

  • 481
  • UPD: 12:01, 20.07.2020
Бексұлтан Кенішқалиев «Славян базарында» жүлделі орын алды

Қазақстандық әнші Бексұлтан Кенішқалиев 16-19 шілде аралығында Беларусьте өткен жыл сайынғы «Славян базары» халықаралық фестивалінде жүлделі орынға ие болды.

Ол үшінші орынды Босния мен Герцеговинадан келген қатысушымен бөлісті. Нәтижелер жарыстың екі бөлімінің ұпайларының қосындысына байланысты анықталғанын атап өткен жөн.

2020 жылғы «Славян базарының» бас жүлдесін Беларусь өкілі Роман Воложнев жеңіп алды.

Бексұлтан Кенішқалиев – «Қазақстан дауысы» және «Музарт-Live» ұлттық телевизиялық жобаларының финалисті, республикалық «Жұлдыз» байқауының Гран-при иегері. 2019 жылы ол «Паланга» (Литва) халықаралық фестиваль-конкурсында және Ресейде өткен жас орындаушылардың фестиваль-конкурсында Гран-при жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы