420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүріп жатыр – ШҚО әкімі

  • 150
  • UPD: 16:20, 29.07.2020
Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүріп жатыр – ШҚО әкімі silkadv.com

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында және Абай ауданында 13,5 млрд теңгеге құрылыс, абаттандыру және реконструкция бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының ХL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Биыл қазақтың ұлы ойшылы және ақыны – Абайдың 175 жылдығы. Мерейтойлық датаға сәйкес Семей қаласында және Абай ауданында 13,5 млрд теңгеге құрылыс, абаттандыру және реконструкция бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Қарауыл ауылында 300 орындық мектептің және су құбырының құрылысы аяқталып қалды.

«Абай кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуде. Аумақты абаттандыру, саябақ пен мұражайдың құрылысы, сондай-ақ жолдарды жөндеу жұмыстары іске асырылуда», - дейді Даниал Ахметов.

Хабар 24 телеарнасы