426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы жәдігерлерге қатысты мәселе министрлік бақылауында

  • 137
  • UPD: 18:36, 07.08.2020
Павлодар облысындағы жәдігерлерге қатысты мәселе министрлік бақылауында

Павлодар облысындағы археологиялық жәдігерлерге қатысты мәселені Мәдениет және спорт министрлігі өз бақылауына алды.

Бұл туралы ведомство өкілі «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, Башмачное елді мекенінің аумағында су құбырын тартып жатқан компаниялардың бірі, көне жәдігерлерді тауып алған. Алайда, заң бойынша үш күн ішінде жауапты органдарға хабарласудың орнына өз жұмыстарын жалғастыра берген. Тек жергілікті тұрғындар араласқан соң ғылыми топ құрылып, мәселенің ақ-қарасын ажыратуға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы