429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық онлайн поэзия фестивалін бастады

  • 211
  • UPD: 15:48, 10.08.2020
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық онлайн поэзия фестивалін бастады assembly.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай күніне және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық онлайн поэзия фестивалін бастады.

Поэзия фестивалінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген 130-дан астам ұлт өкілі қазақ тілінде ақынның 175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде түрлі форматта бейнероликтер жариялайды.

«Мұндағы мақсат – этномәдени бірлестіктер арасында ойшыл ақынның шығармашылығын насихаттап, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш ету», - делінген ҚХА хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы