432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұрат Әуезов: Абай – ұлттық тарихымыздың, халқымыздың тірегі

  • 267
  • UPD: 17:46, 10.08.2020
Мұрат Әуезов: Абай – ұлттық тарихымыздың, халқымыздың тірегі

Абай күні – қазақ әдебиеті мен өнерінің, қазақ ойы мен тарихының күні.

Ақынның Алматыдағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойған ақын-жазушылар осындай пікірде. Абай Құнанбайұлының ескерткіші еліміздегі еңселі ескерткіштердің бірі. Ол 1960 жылы ашылған болатын. Іс-шараға ақын Олжас Сүлейменов, жазушы Роллан Сейсенбаев, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Жиналғандар хәкім Абайды мұқият зерттеп-зерделеп, оның «Толық адам» ілімін халық арасында кеңінен насихаттау керек дейді.

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері:

- Ақын, ойшыл, айта берсек көп енді. Ол енді ағартушы. Халықтың көзі ашылсын, мына қиын кезеңнен аман-есен өтсін деген ниетпен ол көп-көп істер жасады. Ал, шынымен енді біздің ұлттық тарихымыздың, халқымыздың тірегі деуге болады Абай.

Хабар 24 телеарнасы