427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

  • 232
  • UPD: 17:56, 10.08.2020
Семейдегі зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Данышпан ақынның туған жерінде оның ескерткішіне зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойды, хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі карантиндік шараларға байланысты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мәдени-көпшілік шаралар кейінге шегерілген болатын. Алайда, шаһардағы іргелі құрылыс жобалары тоқтаған жоқ. Абай алаңы, Абай театры, Абай музейі күрделі жөндеуден өтіп, қайта түледі. Хәкімнің туған жеріндегі тарихи-мәдени кешендер де қайта жаңғыртылды. Сырт Қасқабұлақ пен әйгілі Жидебай өзгеше кейіпке еніп, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалды. Бұрын елеусіз қалып келген Ақшоқыдағы Құнанбай әулетінің қорымы да абаттандырылды.

Қайрат Сабырбай, ақын:

- 10 тамыз Абай күні болып бекітілуі бұл біздің қазақ қауымы, бүкіл адамзат қауымына үлкен рухани олжа деп есептеймін. 5 нәрсеге асық бол, 5 нәрседен қашық бол, осыны біз бала күнде оқысақ, осыны қазір міне, аға буын жасқа келгенде екінші, үшінші қырынан үңілеміз де. Сонда бұл не деген таусылмайтын терең ой? «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейді, бұл Абайдың қазақ топырағынан шыға отырып, осындай бүкіл адамзатқа ой айтуы біз үшін мақтан, мәртебе!

Хабар 24 телеарнасы