432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда көп қабатты үйдің қабырғасына ұлы ақынның суреті салынып жатыр

  • 215
  • UPD: 18:56, 10.08.2020

Талдықорғандағы Қаратал ықшам ауданының көп қабатты үйлерінің бірінің қабырғасына ұлы ақынның суреті салына бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды. Ерекше туынды графикалық кескін оюмен өрнектелген.

Еркеғали Мейрамұлы, суретші:

- Түнде бастадық. Үш сағаттай уақыт кетті. Енді екі бояу жұмыстары қалды. Оған екі аптадай уақыт керек.

Ғұлама, ойшылдың 175 жылдық мерейтойына орай өңірде «Абай өлеңдерін оқу» эстафетасы да бастау алды. Оған тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысып жатыр. Жыл басынан бері аймақта ақындар мүшәйрасы өткізіліп, үздік туындылар «Адамзаттың Абайы» атты жыр жинағына енгізіледі. Жалпы осы уақытқа дейін облыс аумағында 30-дан аса түрлі мәдени-көпшілік шара өткізілген.

Хабар 24 телеарнасы