Ұлы кемеңгердің рухына Ресей төрінде де құрмет көрсетілді, хабарлайды «Хабар 24».
Хәкім Абайға арналып Мәскеу, Пекин, Будапешт, Ыстамбұл, Ташкент, Тегеран сияқты жаһанның әйгілі шаһарларында ескерткіштер бой көтерген. Мәскеудің қақ ортасындағы ескерткішке жиналған көпшілік гүл шоқтары қойды. Атаулы күнге орай Ресейде арнайы www.abai175 сайты жарық көрді. Онда ойшылдың өнегелі өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталған. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлері ақынның ғибратты сөздерін, өлеңдерін оқып, әуезді әнін де әуелетті.