423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Абай жайында жаңа 12 кітап жарық көрді

  • 211
  • UPD: 23:59, 10.08.2020
Елордада Абай жайында жаңа 12 кітап жарық көрді

Бүгін елордада «Абай академиясы» сериясы аясында шығарылған жаңа 12 кітаптың тұсаукесері өтті, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы белгілі ғалымдар өз еңбектерін таныстырды. Жазушылар тың туындылары арқылы хәкімнің көркемдік және ғылыми дүниетанымын жаңа қырынан танытып, қазіргі қазақ қоғамындағы рөлін айқындауға тырысқан. Мәселен, Ғарифолла Есім «Абай пәлсапасы» атты кітабында ұлы тұлғаның философиялық ойларын тереңінен талдап, өскелең ұрпаққа ұғынықты тілде ұсынып отыр. Ғалымдардың бұл кітаптары қазақстандық қоғамды Абай дүниетанымына сай ойлап, тың көзқарас танытуға шақырады.

Тұрсын Жұртбай, жазушы, абайтанушы, филология ғылымдарының докторы:

- Бір идеяға ұйытатын тұлғасы жоқ ұлт болып жарытпайды. Қандай система болмасын, мысалы немістер үшін Бисмарктің, Гитлердің, социализмнің кезінде де қазір де ол – Гете. Ол Гетесіз тыныстай алмайды. Мынау коронавирустың кезінде оларды біріктірген осы Гетенің сөзі. Қазақша айтқанда, біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос. Біз де осы рухымызды Абайдың атымен біріктіруге тырысуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы