425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Адамзаттың Абайы» атты жыр жинақ жарық көрді

  • 202
  • UPD: 08:29, 11.08.2020
Талдықорғанда «Адамзаттың Абайы» атты жыр жинақ жарық көрді

Алматы облысында «Адамзаттың Абайы» атты жыр жинақ жарық көрді.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған кітап мың данамен басылып шықты. Оған «Абайға арнау» мүшәйрасына қатысқан екі жүзге жуық ақын өлеңдерінің арасынан жүзі таңдап алынып енгізілген. Топтаманың тең жартысы енді Шығыс Қазақстан облысына жіберіледі.

Жалпы облыста бүгін Абай күніне арналған көркемсурет байқауы, Абай өлеңдерін оқу сынды 30-ға жуық шара өтті. Салтанатты жиын барысында жетісулық қаламгерлер Абай күнін атап өтудің мәні мен мағынасына тоқталды. Ғұлама ойшылдың қазақ әдебиетінде алар орыны, енгізген жаңалығы, қалдырған мол мұрасы жайлы да сөз қозғалды.

Ал ақын-жазушыларымыздың айтуынша, жаңа жинақ Абайдың бітім болмысын, поэзиясын терең тануға сеп болады екен.  

Әміре Әрін, ҚР мәдениет қайраткері: 

- Бұл кітап Абайға арнауға арналған мүшәйра болғандықтан Абайды ашу, Абайдың мол мұрасының мәнін ашу, жалпы Абай және халық деген мыңдаған сауалдарға жауап берілді. Ақындар өздерінің жүректерінен шыққан ақ сезімдерін әлдилеп оқырмандарға тартты ғой.

Хабар 24 телеарнасы