430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Келінжан-2» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 422
  • UPD: 20:40, 12.08.2020

Жуырда «Хабар» арнасынан «Келінжан-2» телехикаясы көрсетіле бастайды. Көрермен көзайымына айналып, ғаламторда ең көп көрілген «Келінжан» телехикаясының жалғасы түсіріліп жатыр. «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген телехикая бірінші маусымнан да қызығырақ болады» дейді сценарий авторы әрі фильм продюсері Гүлнұр Мамасарипова.

- Асылым, сен бала туғаннан кейін есейді ма десем.

Екінші маусым, Асқар мен Асылымның  сәбилі болып, ауылға оралуынан басталады. Кіші келінді қара шаңырақтың анасы, яғни  енесі жылы қарсы алады.   Ағалы-інілі Қылышбек пен Мәдібек, абысынды Айсара мен Балқияның өмірі де бәз-баяғы күнделікті күйбің тіршіліктіктің қызығы мен шыжығына толы.

Гүлнұр Мамасарипова, бас продюсер:

- Негізі «Келінжанның» жалғасын түсіру, түсірмеу туралы көп ойланып, бір жылдан астам уақыт өткеннен кейін барып, түсіруге бел байлап отырмыз. Бұл екінші бөлімінде ең бастысы, біз барлық кейіпкерді сақтап қалуға тырыстық.  Бұл өте бір күрделі  процесс болды. Бірақ сәтін салып барлығымен келіссөз жүргізіп, келісімге келдік. 

Жаңа маусымда жаңа кейіпкерлер де бар. Олардың арасында танымал актерлер де болады деп, сценарий авторы Гүлнұр Мамасарипова құпияның бір шетін ашты. Жас келінге демеу болған Қасым атаның үйіне бозбала келген болса, Қылышбек  жұмыс істейтін мектепке жаңа директор тағайындалады. Айсараның ызасын келтіретін бұл кейіпкер көпшіліктің көңілінен шығар ма екен?

Рүстем  Жаныаманов, актер:

- Иә, сюжет өте қызық. Осы жолы да өте әдемі жазылған. Гүлнұр Мамасарипова өзі сценарийге кіріскен болатын.  Енді ол әзірге жұмбақ болсын деп айтқым келеді. Өйткені, талай қызық болады, өзіме де қызық болып тұр. Біз енді түсіру барысындамыз әрине,  түрлі қызықтар болады деп сіздерді сендіргім келеді. 

Ғаламторда «Келінжан» телехикаясының  алғашқы  бөлімі 10 күннің ішінде 1 млн астам рет қаралған. Ал бүгінге дейін бұл телехикаяны 30 млн жуық адам көрген. Себебі әр кейіпкерден әркім өзін немесе жақынын таныды. 

Дариға Бадықова, актриса:

- Әркім Айсара қылып өзінің өмірін көрген  сияқты. Көп ер адамдар  хабарласып жатты маған. Менің әйеліме ұқсайсың деп. Одан кейін мына базарға, қоғамдық жерлерде  жүреміз ғой, кәдімгі тоқтатып алып, менің әйеліме ұқсайсың, менің әйелім сен сияқты айтады маған. Кәдімгі Айсараны көрген ер адам да, Айсараны көрген ене де, Айсараны көрген әйел де болды, негізінде.

«Келінжан-2» телехикаясының екінші маусымы 15 бөлімнен тұрады. Бірақ қарапайым қазақ шаңырағындағы әрбір оқиға, алдыңғы бөлімнен де әсерлі болады екен. Сонымен «Хабар» арнасының күзгі маусымында жаңа телехикаяны тамашалауды ұмытпаңыз!

Авторлары: Алуа Маханбет, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы