425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады

  • 270
  • UPD: 17:08, 17.08.2020
Елордада ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады

Елордада 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады.

Авто-кинотеатр аумағына келушілер санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтеді.

Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады.

«Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық норманы ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы керек, әлеуметтік арақашықтықты ұстанған жөн», - деді ұйымдастырушылар.

Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады. Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30-да басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы