420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


America's Got Talent: Данэлия Тулешова үшінші турда өнер көрсетті

  • 185
  • UPD: 12:11, 19.08.2020

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының үшінші турында өнер көрсетті.

Бұл жолы дарынды қыз Гарри Стайлстың Sign of the Times әнін орындады.

Жас өнерпаз Instagram-дағы парақшасында дауыс беру жүріп жатқандығын хабарлады. Дегенмен дауыс беру тек АҚШ аумағында қолжетімді.

America’s Got Talent шоуының 15-маусымында әділқазы алқасына жоба негізін қалаушысы әрі продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум мен әзілкеш Хоуи Мэндел енген. Ал жүргізушісі – Терри Крюс.

Танымал шоудың 15-маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында басталды, ал 29 мамырдан бастап Netflix UK көрсетуде.

Данэлия жобаның алғашқы турында канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын.

Данэлия Тулешованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Хабар 24 телеарнасы