426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда домбыра студиясы ашылды

  • 116
  • UPD: 09:58, 20.08.2020

Киіз үй пішінінде жасалған сыныптың іші ою-өрнекпен көмкерілген. Үйірмеге келушілердің ең жасы 6-да болса, ересегі 40 жаста. Әзірге 15 адам бар. Мұнда 11 жасқа дейінгі балаларға ұлттық аспап сыйға тартылады.

Есіл Еділбаев, домбыра мектебінің жетекшісі:

- Ең алдымен жалпы домбыраға үйретпес бұрын балаға кәсіби түрде нотаны үйретеміз және нота білетін оқушыларды нотасын әрі қарай жетілдіреміз. Оң қол, сол қол қойылымын өткіземіз және әрі қарай қазақтың күйлерін, шетел шығармаларын, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи шығармаларды да үйретіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы