431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

  • 190
  • UPD: 11:03, 20.08.2020
Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті Lifestyle

Қазақстандық әнші Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының жартылай финалына өтті.

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.

«Келесі кезеңге өткеніме сене алар емеспін. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Жартылай финалда сенімдеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Дауыс берген әрбір жанға рақмет! Сіздерді жақсы көремін және өте бақыттымын!» – деді өнерпаз.

Жобаның ширек финалында жерлесіміз Гарри Стайлстың Sign of the Times әнін орындаған болатын.

America’s Got Talent шоуының 15-маусымында әділқазы алқасына жоба негізін қалаушысы әрі продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум мен әзілкеш Хоуи Мэндел енген. Ал жүргізушісі – Терри Крюс.

Танымал шоудың 15-маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында басталды, ал 29 мамырдан бастап Netflix UK көрсетуде.

Данэлия жобаның алғашқы турында канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын.

Данэлия Тулешованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Хабар 24 телеарнасы