420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында «Көкжал» телехикаясының жаңа маусымы басталады

  • 170
  • UPD: 23:24, 21.08.2020

«Хабар» арнасында көрерменнің көзайымына айналған «Көкжал» телехикаясының жаңа маусымы басталады. Жуырда түсірілімі аяқталуы тиіс. Сөйтіп, көрермендер күзде шытырманға толы хикаяның жалғасын көре алады.

«Хабар» арнасында «Көкжал» телехикаясының жаңа маусымы эфирге шығады. «Көкжал-2» спорттық драмасы көптеген шытырман оқиғамен көрерменді қызықтырады. Бұл сериал 15 бөлімнен тұрады. 

- Бұл телехикаяда басты кейіпкер Ербол бірқатар қиындыққа тап болады. Ол өз арманына жету үшін бар күшін салады. Бірақ өмірі машақатқа айналады. 

Дәулет Өсербай, басты кейіпкерді сомдаушы: 

- Екінші маусымда көп нәрсе өзгерді. Жарақат алатын жерлер көп болды. Тіпті шынайы жарақат алған да сәт те кездесті. Әлі күнге дейін ауырсынамын. 

Жобаның жанкүйерлері бірнеше жаңа кейіпкермен танысады. «Көкжал-2» телесериалының продюсерінің айтуынша, бұл жолы рингтегі төбелеспен қатар көше төбелесі яки экшн жанрындай болады.  Елдегі ахуалға байланысты түсірілім жазда өтті. Шытырман хикаяның жалғасын көрермендер күзде «Хабар» арнасынан көре алады. 

Асылбек Досжанов, жобаның бас продюсері:

- «Көкжал» негізінде оның аудиториясы еркектерге. Жастар осы сериалды көріп, өнеге алсын деп жатырмын. Мен төбелеске шақырып жатырған жоқпын. Жастарды спортқа бейімдеу. Спортпен шұғылданған адамның дені сау және ойы ұшқыр болады деп ойлаймын. 

Айта кетейік, «Көкжал» сериалының бірінші маусымы көрермен көзайымына айналған болатын. Ал жаңа маусымда Ерболдың өмірінде айтулы өзгерістер мен күтпеген қиындықтар көп болады. Басты кейіпкер бұл жолы діттеген мақсатына жете ме? 

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова

Хабар 24 телеарнасы