429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Орындалмас арман» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 200
  • UPD: 22:30, 22.08.2020

Ақиқат пен жалған, махаббат пен арман астасқан «Орындалмас арман» телехикаясы «Хабар» арнасынан жаңа телевизиялық мауысымда көрсетіледі.

Туындыда қуаныш пен өкініш, байлық пен мансап, жалпы қазіргі заманның бейнесі көрініс тапқан десе болады. Сериал қайда және қалай түсірілді?

Телехикая 25 жастағы Қайрат пен оның отбасында болып жатқан сан-алуан оқиғаларды баяндайды. Басты қақтығыс Қайрат пен өгей әкесінің арасында өрбиді. Шетелден білім алып, Алматыға келген Қайрат өзінің жүрек қалауы Іңкәр есімді арумен тағдырын қосқысы келеді. Бірақ бұл шешімге анасы қарсы шығады. Міне, содан бастап отбасы арасында түсінбеушілік пен дүрдараздық болады.

Малика Маратқызы, телехикая редакторы:

- Жалпы бұл телехикаяның халыққа берері мол деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде отбасылық және де бизнес саласында сондай бір күрес жүреді.

Жанұялық жанжалдан жалыққан жас Қайрат үйден безіп тынады. Сөйтіп, кибертехнологияларды меңгерген күмәнді топқа қосылады. Қылмыстық топ дәулетті кәсіпкерлердің жеке шоттарынан қаржы жымқырумен айналасыды. Солар арқылы өгей әкесінде қисапсыз байлықтың барын біледі. Көп жыл бойы анасын алдап келген өгей әкенің әккі әрекеттерін әшкере етуге кіріседі.

Самат Әлім, телехикая режиссері:

- Сериалды жақсы түсіріп жатыр. Құдайға шүкір, бәрімен келісіп, командамызбен жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Кішкене-кішкене қиындықтар бар енді, қазір енді осы пандемия әсерінен қиындықтар болады, әрине. Бірақ оған қарамастан, бәріміз жақсы жұмыс істеп жатырмыз.

Осылайша, шындық іздеген Қайрат шытырман оқиғаларды бастан өткереді. Жалпы бұл туынды 10 сериядан тұрады. Әр сериясы 40 минуттан. Отандық телетуынды күзде «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы