429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Тұншыққан сезім» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 161
  • UPD: 23:24, 25.08.2020

«Хабар» телеарнасының жаңа маусымында көрермендер көптеген жаңа туындыны тамашалайтын болады.

Солардың бірі – «Тұншыққан сезім» телехикаясы. Сюжеттік желісі шиеленіске толы фильм екі отбасының тағдырын баяндайды. Өмір жолдары тоғысқан жастар арқылы ата-аналардың бұрынғы сезімдері қайта тұтанад.

«Тұншыққан  сезім» отбасылық драмасы басты кейіпкер Әлібек пен оның баласы Айбектің төңірегінде өрбиді. Арада 20 жыл өткенде Әлібек бір кездері жолдары түйіспеген ғашығын кездестіреді. Ал, ұлы Айбек әкесінің бұрынғы махаббатының қызына ғашық болады.

Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер:

- Қоғамда орнын таппай жүрген, құмар ойынға түсіңкіреп кеткен, өзінің бүкіл бизнесін, өзінің отбасымен мәселелер, осындай үлкен мәселелерді қамтитын роль. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Рольдің ешқашан да оңайы бомайды. Тәжірибемізге сүйеніп, серіктестеріміз бар, әріптестермен, режиссерлермен ақылдаса отырып, роль жасап жатырмыз.

Телехикаяға түсетін актерлер қатаң іріктеуден өткен. Режиссер Санжар Омар кейіпкердің жан дүниесін аша алатын білікті мамандарға көбірек басымдық беріпті. Телехикая жас актерді де, кәсіби маманды да жаңа қырынан танытпақ.

Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер:

- Менің ойнап жатқаным – бизнестің адамы. Күшке басып жіберетін, тізеге басып жіберетін сондай адам. Қазіргі заманда мұндай адамдар өте көп. Бір-бірін жеп жатқан, бірін бірі құртып жатқан, ақша үшін, бизнес үшін. Менің ойнайтын адамымды көріп отырып, кіммен жұмыс істеуге болады, кіммен жұмыс істеуге болмайды, осыны білсе, кейінгі жастарымыз, мен ойлаймын соларға тәрбиелік мәні бар нәрсе ғой деп.

Телехикаяның түсірілім барысы төтенше жағдай уақытында өткен. «Барлық сақтық шараларын сақтағандықтан, жұмыс тоқтаусыз жүрді», - дейді шығармашылық топ өкілдері. Жаңа туынды «Хабар» телеарнасының эфирінен күзде көрсетіледі.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы