420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей әдеби қоғамдастығының мүшесі «Достық» орденімен марапатталды

  • 151
  • UPD: 12:46, 28.08.2020
Ресей әдеби қоғамдастығының мүшесі «Достық» орденімен марапатталды ҚР СІМ

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барасында Қазақстанның елшісі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Художественная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхинге мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтып, Абай мұрасын насихаттаудағы еңбегі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өз сөзінде Елші Е.Көшербаев әдебиет әр адамның өмірінде ерекше орын алатындығын және ұлттың генетикалық кодын қалыптастыратын адам – ол жазушы екенін еске салды. «Осы тұрғыда дәл қазір мәңгілік шындықты қарапайым халыққа түсінікті болатындай етіп көрсете білген Абайдың рөлін түсіну бүгінгі ұрпақтың міндеті және сол түсініктің бар екені қуантады», - деп жалғастырды Е.Көшербаев.

Г.Пряхин бұл жоғары награда үшін алғысын білдіріп, бұл оның өміріндегі бірінші орден екенін айтты. Ол Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа арасындағы өркениеттердегі алшақтық анықталған кезде Абай дәл қазір әлем адамы лауазымына толық ие болып жатқанын айтты. «Оның шығармашылығында бейбітшілік пен тату көршілік туралы тақырып басқасынан басым», – деп атап өтті бас редакторы. 

«Маған Абайдың халықпен сөйлесу форматы ұнайды. Ол онымен тең дәрежеде сөйлеседі. Ол сабақ береді, бірақ оқытпайды. Осыдан бір жарым ғасырдай бұрын жазылса да, мәтіні керемет, заманауи көрінісі таңқаларлық», – деп түйіндеді Г.Пряхин.

 

«Дөңгелек үстел» аясында «Абайды тану – өзін-өзі тану» жинағының тұсаукесері өтті. Әсем суреттермен безендірілген басылымда керемет әдебиет танушы Виктор Шкловский аударған «Абайдың Қара сөздері», орыс және қазақ филологтары Абай шығармашылығының Пушкин, Толстой, Достоевский шығармаларымен сабақтастығы туралы ой бөліседі. Оған қоса, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Тұрдықұл Шанбайдың көмегімен жинақталған ойшыл өмірінің әр түрлі фактілері туралы шағын очерктер сериясы да бар. Кітап қыркүйек айында 1000 дана болып басылып, келесі аптада Мәскеудегі халықаралық кітап көрмесінде ұсынылады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы