421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

  • 259
  • UPD: 16:43, 28.08.2020
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті qazaqparat.kz

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен ҚР әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілгенін атап өтуіміз керек. 

Екі жылда бір рет, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойлары өтетін жылдары ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлығы беріледі.

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 39 жұмыс қаралды.

Комиссия отырысы аясындағы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.

Хабар 24 телеарнасы