421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Текетірес» телесериалы жарыққа шығады

  • 177
  • UPD: 22:24, 28.08.2020
«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Текетірес» телесериалы жарыққа шығады

Фильмде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмен күресі баяндалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Шиеленіскен махаббат пен қылмыстық оқиғаларды суреттеген көрініс көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық», - дейді кино мамандары.

Шиеленіске толы оқиға. Басты рөлдегі Әсет пен Қорлан лаңкестерге қарсы арнайы операцияға қатысады. Олар Сирияға баруы керек болатын. Алайда, арнайы топ мінген ұшақ Иран мен Ирактың шекарасында жарылып, қыз аман қалады. Құрбысының кеңесімен Сирияда қалған Қорлан құпия агент болып, аса қауіпті террористерді жою туралы арнайы бөлімнің тапсырмасын орындайды.

Мадина Әлімхан, қоюшы-режиссер:

- Өткен жылы біздің арнайы қызмет 4 рет «Жусан» операциясын жүргізіп, қашып кеткен отандастарымызды қайтарды. Біз фильмде еліміздің арнайы қызметінің жұмысын және мемлекетіміздің өз азаматтарын сыртта қалдырмайтынын, қаншылықты қорғайтынын көрсеткіміз келді. Фильмдегі оқиғалар басқаларға сабақ болса дейміз.

Халифаттың көрінісін жасау үшін қоюшы суретшілерге көп тер төгуге тура келіпті. Кейіпкерлер шынайы шығу үшін актерлер де тыңғылықты дайындалған.

Бекен Нарбай, қоюшы-суретші:

- Дәл осы жерде мынау әскери жаттығу өткізетін жер. Бұл жерде көп нәрсе қаңырап қалған былайша. Біз оны тірілтіп жатырмыз, жаңартып жатырмыз. Бұл жерде адамдар тұрған сияқты. Көптен бері соғыс болып жатқан сияқты. Қайтадан реставрация жасап жатырмыз.

Әйгерім Қайратқызы, актриса:

- Бұл сериалда Фатима деген кейіпкерді осы Қазақстаннан Сирияға сатып жіберген. Сатылып кеткен қыз жайлы. Бұл роль үшін көптеген фильмдер қарадым. Ютубтан осы Сирияға барып келген қыздардың тағдырын зерттедім. Сұхбаттарын қарадым. Енді рөлім әрбір актрисаның арманы болатын рөл деп айтсам артық айтқаным емес.

Сирияға барып, адасқан жандардың түрлі тағдырын сипаттайтын фильм елімізде алғаш рет түсіріліп отыр. Шынайы оқиғаларға негізделген телехикая «Хабар» телеарнасының жаңа маусымында көрермен назарына ұсынылады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы