429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде Абай құрметіне көше атауы берілгеніне 20 жыл болды

  • 211
  • UPD: 11:08, 31.08.2020

Кезінде бұл бастаманы қазақстандық дипломаттар ұсынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Идеяны аудан мэрі бірден қолдаған. Өйткені екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудың маңызды екенін түсінген. Сөйтіп, бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылып, кейіннен ол Сенаттың қарауына жіберілді. Биліктің мақұлдауынан бөлек Берлин тұрғындарының да келісімі қажет болған. Қағазбастылыққа қарамастан, жергілікті халық көшеге қазақтың ұлы ақынының атауы берілгелі жатқанын біліп, бұл шешімді қолдаған.  

Алекс Любовинский, Берлин қаласы Панков ауданының бұрынғы мэрі:

– Мен көшенің атауын өзгерту бастамасын бірден қолдадым. Өйткені Абай Гётенің шығармаларын аударған. Сондықтан Қазақстанмен ортақ бірдеңе болу керек деп ойладым. Абайшрассені қалай ашқанымыз әлі есімде. Ресми шараға сол кезде елші блып жұмыс істеген Ерік Асанбаев қатысқан. Ол күні мен Абай өлеңін оқып, шара қатысушыларының көзіне жас келгені есімде.

Хабар 24 телеарнасы