426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде 63 елдің әліппесі қойылған көрме ашылды

  • 181
Өскеменде 63 елдің әліппесі қойылған көрме ашылды

Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде Абай институты ашылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған бұл іс-шараның мақсаты - Абай әлемін дәріптеу аясын кеңейтіп,түрлі әдістерді ұсыну.

Бұл жерде ұстаздар үшін ұлы ақынды тану мен танытудағы  түрлі  оқу құралдары жинақталған. Сондай-ақ жоба аясында көрермендерге 63 елдің әліппесі қойылған көрме ұсынылды. Оның көп бөлігі түркітілдес халықтардың алғашқы әліппелері. 

Перизат Нұрғалиева, ШҚО университеті ғылыми кітапханасының директоры:

- Ал енді мұның құндылығы бүгінгі құндылығы қазіргі уақытқа сәйкес кеп отыр, өйткені әліппені ондаған жылдар бойы біліммен сусындатқан әліппе қайтып келе жатқанда сол ертеңгі күні балаларға сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек болатынына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы