424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақконцерт» «Хабар» агенттігінің қолдауымен «Бірге жеңеміз» атты әнге бейнебаян түсірді

  • 221
  • UPD: 23:15, 04.09.2020

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы «Хабар» агенттігінің ақпараттық қолдауымен «Бірге жеңеміз» атты әнге бейнебаян түсірді.

Туынды ертеңнен бастап «Хабар», «El ARNA» «Kazakh TV» телеарналарынан көрсетіледі.

Пандемия кезіндегі ел азаматтарының бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын бейнебаянға танымал өнер жұлдыздары түскен. Әннің сөзі де, сазы да жаңа. Осынау өтпелі кезеңдегі бар қиындықты көрсетеді. Қаупі әлі де сейілмеген індетпен халық болып күресуге үндейді. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдауға шақырады. Туынды «Хабар» агенттігіне қарасты үш бірдей телеарнаның эфирінен көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы