426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фрэнсис Форд Коппола «Өкіл әке 3» фильмін қайта түсіреді

  • 119
  • UPD: 11:21, 07.09.2020
Фрэнсис Форд Коппола «Өкіл әке 3» фильмін қайта түсіреді

Фрэнсис Форд Коппола «Өкіл әке 3» фильмінің жаңа нұсқасымен жұмыс жасап жатқаны туралы хабарлады.

Оның ойынша, бұл жолғы туындының соңы трилогияға жақын аяқталады.

Кинотуынды «Марио Пьюзоның өкіл әкесі. Кода: Майкла Корлеоненің өлімі» деп аталады.

Копполаның өзі бұрыннан бері үшінші бөлімді қайта түсіргісі келген. Өйткені бұл жолғы нұсқа Марио Пьюзоның танымына сәйкес келетінін алға тартады.

«Өкіл әке 3» 1990 жылы жазушының көзі тірісінде шыққан болатын.

«Бұл нұсқаға мен жаңа кіріспе және қорытынды ойлап тауып, кейбір кадрлар, тректерді және қойылымдарды орындарымен ауыстырдым», – деп ол фильмді қайта түсіретін Paramount студиясына алғысын білдірді.

Болжам бойынша жаңа «Өкіл әке 3» бұрынғы нұсқаның 30 жылдығына орай желтоқсан айында шектеулі прокатпен шығады. Одан соң цифрлық платформалар арқылы тарайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы