420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері өзгерді

  • 139
  • UPD: 21:15, 07.09.2020
Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері өзгерді

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

1 «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын»

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 қыркүйек № 404

Хабар 24 телеарнасы