424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар түскен Disney-дің «Мулан» фильмі әлемдік айналымға шықты

  • 109
  • UPD: 11:24, 08.09.2020
Қазақстандықтар түскен Disney-дің «Мулан» фильмі әлемдік айналымға шықты Nomad Stunts

«Мулан» кинокартинасында отандастарымыз күрделі трюктерді орындады.

Ал Жайдарбек Күнғожинов туындыдағы рөлдердің бірін сомдады.

Әлемдік кино индустриясы коронавирустық пандемиядан туындаған ұзақ үзілістен кейін қайта қалпына келіп жатыр. Пандемияның екінші толқынын күтіп жатқанда Disney 4 қыркүйекте әлемге «Мулан» фильмін таныстырды. Оның түсіріліміне қазақстандық каскадерлер белсенді қатысты. Халықаралық Nomad Stunts каскадерлер тобынан шыққан отандастарымыз садақ ату, семсерлесу, шабандоздық секілді күрделі трюктер жасады.

Ал халықаралық Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктерді қоюшы Жайдарбек Күнғожинов «Муланда» рөлдердің бірін ойнады.

«Актер ретінде мені кездейсоқ таңдады. Бастапқыда бұл рөлге Канададан келген актер бекітілді. Бірақ Netflix-тің «Марко Поло» сериалында бірге жұмыс істеген продюсерлердің бірі режиссерді мені қабылдауға көндірді. Оның бір себебі: маған дублер қажет емес еді. Мен барлық трюкті өзім орындай алдым. Алғашқы түсірілім күнім әскери кеңесте, Бори Хан өзінің барлық генералын жинаған кезде болды. Екінші күні трюктерді өзім орындай алатындықтан, олар мені жалғыз түсірді. Актер Донни Йенмен атқа міну және семсерлесу бойынша трюктер жасадым. Шынымды айтсам, өте бақыттымын. Әрдайым «Disney»-мен серіктес болуды армандайтынмын. Ал «Мулан» жобасында тек хорс-жаттықтырушы (жылқыларды трюктерге дайындайтын маман) ретінде ғана емес, сонымен қатар актер ретінде де жұмыс істей алдым. Өте құнды тәжірибе болды», – деді Жайдарбек Күнғожинов.

Айтпақшы, «Мулан» фильмінде Nomad Stunts тобының каскадерлері барлық күрделі ат трюктерін орындап қана қоймай, Голливуд актерлерін дубляждады.

 

Хабар 24 телеарнасы