426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Оскар» сыйлығына үміткерлер үшін жаңа талаптар енгізілді

  • 122
«Оскар» сыйлығына үміткерлер үшін жаңа талаптар енгізілді

Американдық кино өнері академиясы «Үздік фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығына үміткер кинокартина авторлары ұстанатын жаңа стандарттарды енгізді.

Бұл туралы академияның сайтында хабарланды.

Жаңа ережелер нәсілдік, этникалық, жыныстық және басқа да аз топтардың, сондай-ақ әйелдердің қысымдарымен күресу үшін енгізілді.

Бұдан былай туындыларға арналған төрт критерий болады. Фильмнің үздік деп танылуы үшін олардың кем дегенде екеуі сақталуы керек.

Сонымен, бірінші немесе екінші рөл атқаратын актерлердің кем дегенде біреуі нәсілдік немесе этникалық аз топтардың өкілі болуы керек. Олай болмаған жағдайда қалған труппалардың кем дегенде 30%-ы әйелдер, нәсілдік, этникалық, жыныстық аз топтың өкілдері немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар болуы керек.

Осыған ұқсас талаптар фильм түсіруге қатысатын шығармашылық және техникалық персоналға қатысты қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы