420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда тәулік бойы Димаштың әндері шырқалатын радио ашылды

  • 119
  • UPD: 14:55, 09.09.2020
Грекияда тәулік бойы Димаштың әндері шырқалатын радио ашылды

Грекияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды.

«Dimash Greece» қазақ өнерпазының әндерін тәулік бойы трансляциялайды, деп хабарлады dimashnews.com.

Радиостанция әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат желіде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады.

Сүйікті әншілерінің шығармашылығын өз елінде кеңінен насихаттау үшін Грекиядағы Dear-лар радио сәтті әрі нәтежиелі шешім болатынына сенімді.

«Dimash Kudaibergen Greece» фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн радио арқылы Грекиядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты.

Грекиядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.

Бұған дейін Польшада «Димаш» радиосы ашылған еді.

Хабар 24 телеарнасы