429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияда қазақтың ұлы ақынына ескерткіш орнатылды

  • 150
  • UPD: 23:10, 10.09.2020
Румынияда қазақтың ұлы ақынына ескерткіш орнатылды

Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға Румыния жоғары лауазымды тұлғалары мен белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты.

Олардың арасында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску, Парламент палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке бар. Салтанатты ашқан Қазақстанның Румыниядағы елшісі Рүстем Нұрбахов Абай ескерткіші екі халықтың өзара құрметінің айқын белгісі екенін атап өтті. Жиында Абай қара сөздерінің румын тіліне аудармасының таныстырылымы өтті. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін суретші Алуа Тебенованың туындылары көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы