420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыстағы «Елеке сазы» жазығынан археологтар құнды жәдігерлер тапты

  • 139
  • UPD: 19:02, 13.09.2020

Тарихшылардың болжауынша, бұл заттар сақ дәуіріне тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі аң бейнесіндегі құймалар мен таза алтыннан жасалған ат әбзелдерінің әшекейлері тарихымыздың тереңдігін тағы бір әйгілеп тұр. Аймақта археология саласын зерттейтін арнайы бағдарлама өз нәтижесін беріп жатыр. Археологтар Әбдеш Төлеубаев пен Зейнолла Самашевтың жетекшілігмен құрылған экспедициялық топ үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ұлттық тарихымызды толықтырып түгендейтін талай жәдігер табылды.

Олжас Керейхан, тілші:

– Соңғы 4 жылда тек «Елеке сазына» жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 20 мыңнан жоғары құнды жәдігерлер табылса, биылдың өзінде 800 ден аса зат шықты. Олардың әрқайссы бір біріне ұқсамайды. Бұлт үстіндегі бұғы, жыртқыш аң бейнесіндегі салпыншақтар. Олардың бәрі де таза алтыннан жасалған.

Археологтар осыған дейін табылған бұйымдарға қарап сол замандағы шеберлердің алтынды иегеру технологиясын ерекше меңгергеніне таң қалып отыр. Зергерлер диагоналы 1 мм болатын алтын моншақтарды тесіп, киімдерді әшекейлеген. Осы саркофактар қазақ даласында ғажайып дала өркениетінің негізі қалыптасқынанына дәлел. Бірақ сақ қорғындарының көбі тоналған.

Әбдеш Төлеубаев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:

– Мұның барлығы патша обасының құрамындағы дүние. Бірақ ортасын толығымен тонап кеткен, егер сыртындағы зат осындай бай болса, сонда патшамен бірге көмілген заттың тіпті керемет болғандығын болжап айтуға болады.

Алтынмен апталған әшкейленген ат әбзелдері мен түрлі салпыншақтар бар. Олар сан алуан, бір-біріне ұқсамайды. Бұл ар тефактілердің барлығы облыстық тарихи-өлкетану музейіне табысталды.

Бақыт Сабырбаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің  ғылми қызметкері:

– Қазіргі таңда бұл жәдігерлер біздің қорымыздың аса құнды жәдігерлерінің бірі болып саналады. Барлық құжаттық жұмыстар рәсімделді. Енді әрі қарай бұл жәдігерлерді өзіміздің музейдегі экспозицияларға қойып, көрермендерге тамашалауға мүмкіндік береміз.

Осы археологиялық қазбалар кезінде табылған жәдігерлер ғылми айналымға түсіп жатыр. Енді ғалымдар Алтын адам ұғымын әлем тарихына енгізіп, ЮНЕСКО-ның құнды жәдігерлері тізіміне  қосуды көздеп отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы