424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс аудармашысы Леонард Кошут «Достық» орденімен марапатталды

  • 107
Неміс аудармашысы Леонард Кошут «Достық» орденімен марапатталды

Берлинде неміс аудармашысы Леонард Кошут Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Карипов мемлекеттік сыйлықты тапсыру кезінде оның Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесін атап өтті. Әдебиеттанушы дипломатқа неміс тіліндегі «Абайдың 20 өлеңі» атты кітабын табыс етті. Леонард Кошут қазақтың ұлы ақынының 20 шығармасын неміс тіліне аударған. Бүгінде ол жинақтарды Берлин, Мюнхен және Гамбуг кітапханаларынан табуға болады.

Леонард Кошут, аудармашы, әдебиеттанушы:

– Мен үшін бұл кітаптың орны бөлек. Маған Абай шығармаларын аудару мәртебесі бұйырғанына ризамын. Осындай марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын.

Хабар 24 телеарнасы