424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мулан» фильмінің Қытайдағы көрсетілімі продюсерлердің кассалық үмітін ақтамады

  • 111
  • UPD: 23:41, 14.09.2020
«Мулан» фильмінің Қытайдағы көрсетілімі продюсерлердің кассалық үмітін ақтамады

Walt Disney кинокомпаниясы түсірген «Мулан» фильмінің қытайлық кинопрокаты продюсерлердің кассалық үміттерін ақтамады, деп хабарлайды CNN.

Өткен демалыс күндері фильмнің премьералық көрсетілімдері 23,2 млн доллар жинады, ал картинаның бюджеті 200 млн долларды құрады.

Ал өткен жылы Қытай прокатына шыққан «Арыстан патшасы» фильмі 54 млн доллар жинаған болатын.

Сарапшылар «Мулан» фильмінің аз нәтижесін коронавирустық пандемиямен байланысты шектеулермен байланыстырады. Сондай-ақ түсірілімге байланысты Синцзян-Ұйғыр автономиялық аймағында «Муланға» бойкот жариялауға шақыруда. Құқық қорғаушылардың айтуынша, билік жергілікті тұрғындарды қудалайды.

Хабар 24 телеарнасы