426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Абай әндері шырқалды

  • 104
  • UPD: 09:45, 16.09.2020
Қытайда Абай әндері шырқалды

Қытайдағы елшілігіміз онлайн түрде Абай оқуларын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған көрші елдің мемлекет органдары мен зиялы қауымның өкілдері, қазақ тілін меңгеріп жүрген студенттер және қазақстандық ғалымдар қатысты. Шара барысында кемеңгер ақынымыздың белгілі өлеңі мен әндері шырқалып, қара сөздерінен үзінділер оқылды. Қатысушылар екі ел арасында мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Бұл шара осымен бесінші жыл өтіп отыр. Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай елшілігіміз Қытайдың әлеуметтік желілерінде қара сөздерден үзінділер үнемі жариялап келеді.

Ақбар Мәжітұлы, қытай жазушысы, «Достық» орденінің иегері:

– Абайды оқып-түсінгеннен кейін қазақты, Қазақстанды түсінеді. Осыны өзімнің бір тарихи борышым деп есептеймін. Абайдың қара сөздері мен өлеңдері «Абай» деген жинаққа басылып шықты. Көлемі 500-ден аса бетті құрайды. Бүгінгі жиын өте жақсы болды. Абай шығармалары қазақ және қытай тіліндерінде қатар оқылды. Осындай шаралап жиі ұ»йымдастырылып, Абай шығармалары елге кең таратса, Абайды жақсы түсінгеннен кейін, меніңше, екі елдің достығы да нығаяды.

Чжан Юньди, Бейжің шет тілдер университетінің магистранты:

– Қазақша атым – Дана. Мен Бейжің шет тілдер университетінде орыс және қазақ тілдерін оқып жатырмын. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларын терең зерттей бастадым. Қазақстан елшілігі осы шара ұйымдастырғанына өте ризамын. Оған қуана қатыстым.

Хабар 24 телеарнасы