420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті

  • 75
  • UPD: 10:08, 17.09.2020
Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Данэлия британиялық танымал әнші Jessie J «Who you are» әнін орындады.

Жас әнші Instagram желісіндегі парақшасында өзіне дауыс беруді сұрады. Ол үшін NBC телеарнасының ресми сайтына кіру керек. Дауыс беруге тек АҚШ тұрғындары қатыса алады.

Еске салайық, Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының алғашқы кезеңінде қазыларын таңғалдырды. Әділ қазының 4 мүшесі оның келесі айналымға өтуіне дауыс берді. Кейін оның ширек финалға өткені хабарланды.

Хабар 24 телеарнасы