420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көрерменді сыйламаған әртіске заң арқылы шара қолданылуы мүмкін

  • 57
  • UPD: 11:34, 16.09.2020
Көрерменді сыйламаған әртіске заң арқылы шара қолданылуы мүмкін

Концерт кезінде әдепсіз қылық көрсетсе, сахна тәртібін бұзса, ұйымдастырушы мен көрерменді сыйламаған әртіске заң арқылы шара қолданылуы мүмкін.

Бүгін Мәжіліс «Кейбір заңнамаға мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр. Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, әншілер арасында этиканы сақтамайтындар көбейген. Әннің сөзіне мән бермей, мағынасыз шығармаларды орындайтындар тағы бар. Сондай-ақ бұл заң қабылданса, орындаушылар фонограмма қолданатыны туралы көрерменге ескертетін болады. Жаңа жобада өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін реттейтін көркемдік кеңес құрылады. Министрдің мәлімдеуінше, республикалық көркемдік кеңес құрылғаннан кейін театрлардың репертуары жақсарып, саладағы өзекті мәселелер ашық талқыланатын болған.

Хабар 24 телеарнасы