423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде әл-Фараби мерейтойы атап өтілді

  • 216
  • UPD: 13:44, 16.09.2020
Израильде әл-Фараби мерейтойы атап өтілді

Израильдің Хайфа қаласында адамзат тарихындағы ең кемеңгер ойшылардың бірі әл-Фарабидің құрметіне естелік тақта орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл данышпанның дүниеге келгеніне 1150 жыл толады. Қазақстан аумағында тұрған оның философия және медицина салаларындағы еңбектері, Аристотель мен Платон шығармаларына берген түсініктемелері бүкіл әлемге әйгілі. Әл-Фараби шығармалары философия ғылымының дамуына үлкен әсер етті. Оны өз ұстазы ретінде санаған белгілі ойшылдардың қатарында еврей философы Рамбам бар. Өткен ғасырдың 60-жылдары Хайфа қаласындағы бір көше әл-Фараби есімімен аталған. Енді бұл көшеде естелік тақта ашылды. Онда қазақ, иврит және ағылшын тілдерінде әл-Фараби туралы мағлұмат жазылған.   

Лазарь Каплун, Хайфа мэрінің орынбасары:

– Қазақстан және Хайфа арасындағы байланыстың жаңа тарауын ашып жатырмыз. Ол тек іскерлік және дипломатиялық қатынастармен шектелмейді. Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланыс. Әлемдегі ең ұлы данышпандарының бірі әл-Фарабидің құрметіне ашылған естелік тақтаның алдында бізді біріктіріп отырған да осы. Бүгін Қазақстандағы қалалардың бірімен бауырластық қатынас орнату мүмкіндігін қарастырдық.

Хабар 24 телеарнасы