426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Тулешова America's Got Talent финалына өтті

  • 129
  • UPD: 10:06, 17.09.2020
Данэлия Тулешова America's Got Talent финалына өтті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан America's Got Talent байқауының финалына жолдама алды.

Бұл туралы әншінің PR-директоры Татьяна Синенко facebook парақшасында жазды.

«Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та көрермендердің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарына енді және танымал әлемдік шоудың финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», - деп жазды.

America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйек күні NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

«Мені осы уақытқа дейін қолдап келгендеріңіз үшін рахмет. Осы апта шешуші апта болады, жұмыс істеу керек және мен бар күшімді саламын», - деді Данэлия.

Еске салсақ, Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсеткен болатын. Ол британиялық әнші Jessie J «Who you are» әнін орындады.

Хабар 24 телеарнасы