«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы дәстүрлі шоуды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Биыл тек онлайн форматта өңірлік іріктеу турлары өтетіні айтылды.
«Осындай қиын уақытта финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді «Сұлулық мейірімділікте» әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниеттіміз. Бірлескен күш-жігермен еріктілер қозғалысына, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысу арқылы ғана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз», - деді «Қазақстан аруы» директоры Алена Қырбасова.